21 Наурыз, 2015

Үміткерлерге қатысты  нақты шешім қабылдайды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссиясы 24 наурыз күні Лингвис­тикалық комиссияның сынағына келмеген үміткерлерге қатысты шешім қабылдайды. Бұл жөнінде ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев мәлім етті. «Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау сынағына 4 адам келген жоқ, деді ол. Олар: Я.Жүнісбеков, Қ.Маишев, А.Өтепова және А.Асылбек. Біз оларды күтудеміз. Егер олар келмесе, 24 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы арнайы шешім қабылдайтын болады». Оның атап өтуінше, президенттікке кандидаттарды тіркеу кезеңі 25 нау­рызда аяқталып, сол күннен бас­тап 24 сәуірге дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. «Жеті адам Лингвистикалық комиссия сынағын сәтті тапсырды, 8 адам емтихан тапсыра алмады, 2 адамның жасы 40-қа толмағандықтан, оларды үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды. Емтиханға 4 адам келмесе, 3 адам мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеуден өз еріктерімен бас тартты. Кандидатурасын өз қалауымен 3 адам алып тас­тады», деді М.Сәрсембаев. Сонымен қатар, ОСК мүшесі Н.Назарбаевтың, Т.Сыз­ды­қовтың және Ә.Құсайы­нов­тың кандидат ретінде тіркел­генін еске салды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».